Талғат Есетовтің ОҚО-дағы ұшақ апатына қатысы жоқ

Фотография - Талғат Есетовтің ОҚО-дағы ұшақ апатына қатысы жоқ

Бұл жайында еліміздің Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

141 0

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бұрынғы бастығы, генерал-майор Талғат Есетовтің 2012 жылдың желтоқсанында ОҚО-да апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының күрделі жөндеуіне еш қатысы жоқ. Бұл жайында еліміздің Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ беттерінде марқұмның АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына қатысы болуы мүмкін деген болжамдар жазылған еді. «Талғат Есетов 25 желтоқсанда Шымкент түбінде апат болған Ан-72 ұшағын жөндету бойынша "Укрспецэкспорт" компаниясымен келіссөздер жүргізген. Алайда, ұшақ тек қағаз жүзінде ғана жөнделіп шыққан. Басылымның хабарлауынша, бұл хабарды Астанада қамауға алынған украниналық компанияның өкілдері айтып отыр» деген ақпаратты басылымдар жарыса жазған.

Естеріңізге салайық, 31 қаңтар күні кешкі сағат сегіздер шамасында генерал-майор Есетов Талғат Малғаждарұлының өлі денесі өз кабинетінен табылған болатын. Тапанша оғы оның оң жақ самайына тиген.

Қайғылы жайттың мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша криминалдық және медициналық сараптамалар да жүргізілген. Марқұмның туыстары құқық қорғаушылар тарапынан сұралу үстінде. Әзірге генералдың өзін-өзі өлтіргендігінен өзге фактілер айтылып жатқан жоқ.

Өз-өзіне қол жұмсауға себеп болған жайт – оның үстінен қызметін асыра пайдаланды деген күдіктің тууынан кейін болуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!