Генерал-майор Талғат Есетов уакраиндықтардан пара алған болуы мүмкін

Фотография - Генерал-майор Талғат Есетов уакраиндықтардан пара алған болуы мүмкін

Бұл жөнінде Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды

143 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Есетов пара алу күдігі үшін өзіне-өзі қол жұмсаған. Бұл жөнінде Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Оның өз-өзіне қол жұмсауына лауазымын асыра пайдаланғанына күдіктену салдарынан шиеленіскен көңіл-күй жағдайы себеп болған», – деп айтылған хабарламада.

Баспасөз қызметі атап өткендей, іс бойынша алынған дәйектердің жиынтығы Т.М.Есетовтің өліміне оның өз-өзіне қол жұмсауы себеп болғанын сенімді айтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, 2013 жылғы 31 қаңтарда сағат 19.50-де Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде оқ тиген жарақат ізі бар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің өлі денесі табылды. 


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!