Қазақстан мен Чехия арасында экономикалық байланыс артуда

Фотография - Қазақстан мен Чехия арасында экономикалық байланыс артуда

Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Чехия республикасының өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Кубаны қабылдады

576 0

Қазақ елі мен Чехия арасындағы экономикалық байланыс беки түсті. Бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Чехия республикасының өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Кубаны қабылдады.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін талқылады. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 240 млн АҚШ долларын құрап, 67%-ға дейін өсті. Бүгінде қазақ жерінде Чехияның 80 компаниясы жұмыс жасайды. Бұл ел - машина жасау саласы бойынша Еуропада алдыңғы орынға ие. Сондықтан, кездесу барысында осы саланы дамытуға бағытталған келіссөздер жүргізілді. Чехиямен бірлескен жоба аясында Өскеменде «Шкода» көлігінің құрастырылатыны белгілі. Енді бұл тауардың жылдық шығарылым көлемі көбейіп, көліктің сыртқы түрін жаңарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, көктемде Астанада іске қосылатын «Қазақстан-Чехия технология орталығы» да ел экономикасына серпін берері сөзсіз» дейді мамандар. Келіссөз қорытындысы бойынша темір жол, мұнай-газ саласында машина жасауды дамытып, энергетика жүйесінде де бірлесіп жұмыс жасау жоспарланды.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Чехия жағынан біз қолдау көріп отырмыз. Мұнай, теміржол саласында машина жасауды, энергетиканы дамыту керек. Жасыл экономикаға байланысты желдің энергиясын пайдалану, күннің және суды пайдаланып гидроэнергетиканы ары қарай дамытуға бағытталған келісімшарттарға жетіп отырмыз.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!