Жұт деп отырғандар қысқа дайындалмаған

Фотография - Жұт деп отырғандар қысқа дайындалмаған

Павлодар облысындағы жұт - шаруалар қолымен жасалған жайт болып шықты

127 0

Павлодар облысындағы жұт - шаруалар қолымен жасалған жайт болып шықты.

Шаруалардың арам пиғылын  Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің өзі жасырмай жайып салды. «Бұл мәселе біздің назарымызда. Оны кейін өз алдына бөлек қарайтын боламыз. «Жұт» дегендері ­ - екі шаруа қожалығындағы жағдай. Оның екеуі де қысқа дайындалмаған соң жағдайды бұрмалап жіберген. Сөйтіп, ел-жұртқа «жұт келді» деп жайып, бар кінәні Үкіметке ысыра салғысы келген. Шын мәнінде, малдың иелері басқа адамдар, олар тек өзгенің малын бағушылар ғана. Уақыты келгенде, барлық шығынды Үкімет өтесін деп шу шығарып отыр» дейді А.Мамытбеков. Министрдің айтуынша, мән-жайды анықтау үшін қазір арнайы комиссия құрылған.

Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Жұт деп отырғанымыз осы екі ғана шаруа иелерінде болып жатыр. Олардың мәлімдеген 535 өлген мал қазір анықталмай отыр. Оның бір есебі 250-ге ғана жуық. Қалған малдың тұяғы да жоқ, сүйегі де жоқ. Сондықтан бұл жерде кейбір бұрмалаушылық бар. Осы екі шаруашылық иелері де шөп дайындамаған. Қысқа ешбір дайындық болмаған.  Сондықтан мұны жұт деп айтуға болмайды.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!