Қазақстанда Тойота көлігі шығарылады

Фотография - Қазақстанда Тойота көлігі шығарылады

Оған сәйкес келесі жылдан бастап Қостанай қаласындағы «Сары-Арқа АвтоПром» ЖШС өндірістік базасында Тойота көліктері құрастырылатын болады.

247 0

Бүгін ҚР Үкіметі және Тойота Мотор Корпорейшн" компаниясы арасында «Тойота фортюнер» үлгісіндегі автокөлікті Қазақстанда шығару туралы меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес келесі жылдан бастап Қостанай қаласындағы «Сары-Арқа АвтоПром» ЖШС өндірістік базасында Тойота көліктері құрастырылатын болады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің хабарлауынша жаңа өнеркәсіпте 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. «Жоспарға сәйкес жылына шамамен 3 мың көлік шығарылады. Негізі бұл біздің 2 жылдық жұмысымыздың нәтижесі. Осының арқасында отандық автокөлік нарығының әлеуеті көтеріледі деп сенеміз»,-деді Ә. Исекешев.

Қазақстанда шығарылатын жаңа Тойота көлігінің бағасы туралы ештеңе айтылған жоқ. Дегенмен, жол талғамайтын Тойота фортюнер автокөлігінің сапасы жоғары болады дейді мамандар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!