Жаңартылатын энергияны пайдаланатын 4 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылады

Фотография - Жаңартылатын энергияны пайдаланатын 4 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылады

2020 жылға дейін жаңартылатын энергияны пайдаланатын 4 мыңға тарта шаруа қожалықтары құрылады.

148 0

2020 жылға дейін жаңартылатын энергияны пайдаланатын 4 мыңға тарта шаруа қожалықтары құрылады.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында Үкімет басшысының орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

Вице-премьердің айтуынша, 2009 жылы қабылданған жаңартылатын энергия көздері туралы заң Қазақстан үшін жаңа бағытты ашып, алғашқы ілкі жобалардың дүниеге келуіне жағдай жасады. Сондықтан да, 3 жылдан бері жаңартылатын энергетика саласында 27 жоба қолға алынған. Олардың 19-ы шағын гидроэлектр стансалары болса, 2-еуі күн электр стансасы, 1-еуі биогаз өндіру стансасы, қалғаны жел энергетикасы нысаны.

«Біз бүгінгі таңда жаңартылатын энергия көздерін дамытудың екінші кезеңін жүзеге асырудамыз. Осыған орай алдағы уақытта жаңартылатын балама көздерден өндірілетін қуат 1000 МгВт-қа жетеді», - дейді министр.

Оның айтуынша, Үкімет қабылдаған жаңартылатын энергияны дамытудың орта мерзімдік жоспарына сәйкес, ондағы шаралар агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасымен үйлестірілген.

«Үкімет фермерлік шаруашылық пен шаруа қожалықтарындағы жаңартылатын энергия нысандарын орнатуды 50 пайызға дейін субсидиялайды. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін жаңартылатын энергия нысандарын пайдаланатын 4 мыңға тарта шаруа қожалығы құрылатын болады. Бұның бәріне мемлекеттік субсидиялау қолданады», - дейді Ә. Исекешев.

Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде елімізде осындай 1400 нысан бар. «Келесі жылдан бастап жылына мұндай 400 нысанды субсидиямен жабуға тырысамыз», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!