Серік Бүркітбаевтың қамаудан босағаны енді хабарланды

Фотография - Серік Бүркітбаевтың қамаудан босағаны енді хабарланды

Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов хабарлады.

169 0

Алты жылға сотталған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Серік Бүркітбаев қамаудан мерзімінен босап шықты. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасенов хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, Бүркітбаев 2012 жылдың 16 қарашасында босатылған. "Бүркітбаев Ақмола облысының Гранитный түрмесінде отырған. Сол жерде өзін жақсы қырынан көрсетіп, өзін босату туралы арыз жазды. Зеренді ауданының соты оны қанағаттандырып, 16 қарашада шартты түрде мерзімінен бұрын босатты" деді ол.

Серік Бүркітбаевты Ақмоланың әскери соты 2009 жылы наурызда қылмыстық кодекстің 173 бабының 3 өлімінің а,б,г тармақтары бойынша ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") айыпты деп танып, алты жылға соттаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!