«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының құрылысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжал тууда

Фотография - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының құрылысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжал тууда

Оңтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары департаментінің бұрынғы директордың орынбасары үстінен қылмыстық іс қозғады.

1083 0

Оңтүстік Қазақстан облысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары департаментінің бұрынғы директордың орынбасары үстінен қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полицияның баспасөз қызметінен хабарланғандай, іс ҚР ҚК-нің 307 бабына (қызметтік бабын асыра пайдалану) сәйкес қозғалды.

«Шенеунік қызметтік бабын асыра пайдаланып, Г. есімді азаматқа тиесілі 15 гектар аумақтағы жер учаскесін сату-сатып алу жөніндегі келісімге қол қойған. Негізінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік жүйесінің құрылысы үшін 4,7 гектар ғана қажет болатын. Осылайша Г. есімді азаматтың есепшотына негізсіз бюджеттік қаражаттың 51 000 000 теңгесі аударылды» , - делінген хабарламада.

Қаржы полициясы қылмыстың өзге мән-жайын хабарлаған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!