Қазсат – 2 қалыпты жұмыс істеп тұр

Фотография - Қазсат – 2 қалыпты жұмыс істеп тұр

2011 жылы ұшырылған Қазсат-2 ғарыш аппараты қазіргі уақытта қалыпты жұмыс істеп тұр

132 0

2011 жылы ұшырылған Қазсат-2 ғарыш аппараты қазіргі уақытта қалыпты жұмыс істеп тұр. Бугінде оның жүктемесі 56 пайыздан асты. Жер серігінің ресурсын 9 байланыс аппараты пайдаланып отыр.  Бұл жайында агенттік төрағасы Талғат Мұсабаев ҚР Ұлттык ғарыш агенттігінің кеңейтілген отырысында малімдеді.

Сонымен катар Қазсат 3 ғарыш аппаратын кұру жумыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдыгында Алматы облысының Іле ауданында ғарыш аппараттарын басқарудың резервтік жерүсти кешені мен байланыс мониторингі жүйесін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі жобасы бойынша ғарыш жүйесін жобалау және жоғары және орта ажырату қабілеті бар ғарыш аппараттарының компоненттерін жасау кезеңдері аяқталды. Жерді қашыктықтан зондтау ғарыштық жүйесінің жерүсті сегментін құру бойынша құрылыстық-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осы ғарыш жүйесін жобалау, сынау және іске қосу бойынша тәжірибе жинақтау мақсатында қазахстандық 45 маман Францияда 2 жылдық стажировкадан өтуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!