Қазақстанның полицейлері ескертусіз қару қолдану құқығын иеленуі мүмкін

Фотография - Қазақстанның полицейлері ескертусіз қару қолдану құқығын иеленуі мүмкін

Қазақстанның полицейлері ескертусіз қару қолдану құқығын иеленуі мүмкін.

157 0

Қазақстанның полицейлері ескертусіз қару қолдану құқығын иеленуі мүмкін. Бұндай норма «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң жобасының жаңа редакциясында енгізіліп отыр. Бүгін аталған құжатты Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев таныстырған болатын.

Заң жобасының түсіндірме жазбасына қарағанда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қаруды ескертусіз қолдану құқығы егер олардың өміріне тікелей қауіп төнген жағдайларда қарастырылады. Жобадағы жаңа нормаларға сәйкес, бұндай жағдайда ішкі істер қызметкерлеріне атыс қаруымен қоса газ қаруын, электрлік қаруды, суық қаруды, темір және лақтыратын қаруды қолдануға құқық берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, Қазақстанда травматикалық қару түрлері 2014-2016 жылдары айналыстан алынатындығы көрсетілген. Құжатта сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қару сатып алу құқығы бекітіледі, қажет болған жағдайда қарудың басқа да түрлерін пайдалану құқығы беріледі.

Сонымен қатар, мұнайгаз және атом саласында жұмыс істейтін ұлттық компаниялардың күзет мекемелеріне ұзын ұңғылы немесе қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл бағыттағы арнайы нормалар «Күзет қызметі туралы» заңына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!