Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Фотография - Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

13 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының активіне жаңа шаһар басшысын таныстырды

332 0

13 ақпан күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының активіне жаңа шаһар басшысын таныстырды.

Бұл туралы Қызылорда облыстық интернет газеті жазды.

Қалалық мәслихаттың келісімімен бұл қызметке осыған дейін Шиелі ауданын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Шиелі ауданын басқарып келді.

Аймақ басшысы жаңа лауазымда оған сәттілік тілеп, осыған дейін шаһар басшылығында болған Мархабат Жайымбетовке Қызылорда қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!