Депутаттар VIP номерлердің сатылуына қарсы

Фотография - Депутаттар VIP номерлердің сатылуына қарсы

Халық қалаулылары мұны заңсыз және заң алдында барлығымыз тең болуымыз керек дейді

142 0

Мәжіліс депутаттары автокөліктерге мемлекеттік VIP номерлердің сатылуына қарсы. Халық қалаулылары мұны заңсыз және заң алдында барлығымыз тең болуымыз керек дейді.

Бастаманы Розақұл Халмұрадов көтеріп отыр. «Жол қозғалысы туралы» жаңа заң жобасын талқылау барысында ол мемлекеттік VIP номерлер қалыпты жағдайда кезекпен берілуі тиіс деген ойын айтты. Сондай-ақ, оны сатқандар заң аясында қатаң жазаға тартылуы тиіс деді депутат.

ҚР ІІМ жол полиция комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов болса министрлік бұл қадамға тойынғаннан барып отырмағандығын айтты. Ең басты себеп, жемқорлықтың жолын кесу, онсыз да құқық қорғау органдары қызметкерлерін аталған мәселе бойынша айыптайтындар жетерлік дейді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, жаңа заң жобасын депутаттарға ұсынбастан бұрын министрліктегілер шетелдік тәжірибелерден сабақ алған. «Мәселен, Грузияда 001 номерінің құны 10 мың АҚШ доллары тұрады және соңғы бес жылда оны тек 7 адам сатып алыпты. Ал, біздегі бағалар қолжетімді болмақ» деді Бисенқұлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, реттік сандары бірдей 28 номерді азаматтарға беруге уақытша мораторий жарияланған болатын. Болашақта оларды 200 мың мен 400 мың теңгенің арасында сату жоспарланған. ІІМ өкілдері бұл бағаны қазақстандықтардың орташа айлық жалақысына (100 мың теңге) байланысты шығарғандығын айтты.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!