Қ.Қасымов полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімдерін БАҚ-та жариялауға тапсырма берді

Фотография - Қ.Қасымов полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімдерін БАҚ-та жариялауға тапсырма берді

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің 2012 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңдегі міндеттеріне арналған жедел кеңес өтті

263 0

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің 2012 жылғы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңдегі міндеттеріне арналған жедел кеңес өтті.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңесте ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Қуат Оспановтың баяндамасы, сондай-ақ ішкі істер органдары аумақтық бөліністері Өзіндік қауіпсіздік басқармалары басшылығының есептері тыңдалды.

Өткен жылы әртүрлі құқық бұзушылықтардың, әсіресе сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында өзіндік қауіпсіздік бөліністері 2 мыңға жуық жедел-алдын алу іс-шарасын, арнайы және рейдтік іс-шара жүргізіп, нәтижесінде 117 қылмыс, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жататын 56 қылмысты анықтады. Осы іс-шаралардың нәтижелері бойынша бір жарым мың қызметкер әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 74 полицей қызметтен шығарылды, 17 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне азаматтардың барлық шағымдары мен арыздары бойынша тексерістер мен қызметтік тергеулер жүргізіліп, нәтижелері бойынша 271 қылмыстық іс қозғалды, мыңнан астам полицей тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 196-ы қызметтен шығарылды және 119-ы атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындылары бойынша министр ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен оның жергілікті жерлердегі бөліністеріне полиция қызметкерлерінің тарапынан болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерді және қылмыстарды есептен жасыруды жою жөніндегі жұмысты жандандыруға, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтар фактілерін көпшілік алдында қарауға және полиция қызметкерлеріне қатысты соттың үкімдерін БАҚ-ты тарта отырып, жариялауға тапсырма берді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!