Вице-премьер Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қарағандыға келді

Фотография - Вице-премьер Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Қарағандыға келді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің басшылығымен жұмыс тобы Қарағандыға келді

186 0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің басшылығымен жұмыс тобы Қарағандыға келді.

Сапар мақсаты - Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндіру және өңірдегі ҮИИМДБ іске асырылу барасын талқылау.

Күннің бірінші жартысында Әсет Исекешев ағымдағы жылғы 12 ақпанда турбиналары бірнеше сағатқа тоқтаған 3-Жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Сол күні тоқтау себебі жойылды және стансы жұмысын штаттық режімде жалғастырды.

Сондай-ақ, Әсет Исекешев облыстың кәсіпкерлерімен, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің кең ауқымы, оның ішінде мемлекет жүргізіп отырған индустриялық-инновациялық саясат, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларын дамыту бағдарламалары талқыланды.

Күннің екінші жартысында өнеркәсіптік кәсіпорындарға бару және ҮИИМДБ жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!