Еліміздегі мұнай өндіруші компаниялар әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті

Фотография - Еліміздегі мұнай өндіруші компаниялар әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ниетті

345 0

Бүгін Елордада өткен жиында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министірінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев еліміздің мұнай өндіруші компаниялары әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті екендігін жеткізді.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ниетті. Алайда шетелдік мұнай компанияларының өніміне жол ашылғанда Қазақстанның мұнай өндірушілері үлкен нарықта өз қызметтерін ұстап тұра ала ма? Мамандарды толғандырған үлкен мәселенің бірі осы болды. Сондықтан жиынға қатысқандар еліміздің мұнай өндіруші компанияларына қазірден бастап талапты күшейту керек дейді. Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген күні оның ереже-талаптарына бағыну керек болады.

Нұрлан САУРАНБАЕВ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары:

- Қазақстанда бір өндірісті ашу үшін ішкі нарық көзі аз. Бір жағынан халық санының аздығынан көп өндірістердің экономика жағынан болашағы жоқ. Тек қана қазір Бірыңғай экономикалық кеңістік арқылы 170 миллионға бірталай өндірісті ашуға болады. Отандық компаниялар бәсекеге өте қабілетті. Болашақта осы Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге біздің компаниялар өз жолын табады деп сенеміз.

Әйтсе де, шешілмей тұрған тағы бір мәселе бар. Қазақстандағы компаниялар мен iрi мұнай кәсіпорындары арасында түсініспеушілік қалыптасқан. Еліміздің Мұнай және газ министрлiгiнің жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновтің айтуынша, бұл арада сатып алуға қатысты түйіткілдер, яғни, байқау «Қарашығанақ», «ТеңізШевройл» және «Қашаған» жобаларының арасында ғана жабық есік күйінде өтеді екен. Нәтижесінде басқа тауар өндiрушiлер бұл байқаулардан құр қалып жатады.


Тегтер:

уран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!