Ресей «Байқоңырдағы» бірқатар нысанды қайтарып береді

Фотография - Ресей «Байқоңырдағы» бірқатар нысанды қайтарып береді

Бұл туралы «Роскосмос» басшығылы мәлімдеп отыр

375 0

Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы бірнеше нысанды Қазақстанға қайтарып беретін болды! Бұл туралы «Роскосмос» басшығылы мәлімдеп отыр

Бірінші болып «Зенит» зымыран-тасығыштарына арналған ұшыру кешені қайтарылмақ. Екі ел арасындағы соңғы келісімге сәйкес, нысанды бірлесіп қолдану қарастырылып отыр. Ендігіде ұшыру кешендерінің күтіміне екі мемлекет бірдей құқылы болмақ. Сондай-ақ отандық мамандар ғарыш кемелерін ұшыруға қатысып қана қоймай, оны дайындауға да ат салысады. Ал, Қазақстан өз тарапынан 2013-інші жылы ұшатын «Протон» зымыран-тасығыштарының санын қысқартпауға келісіпті. Байқоңырға қатысты келіспеушіліктердің бірі осы зымыран санына байланысты болатын. Былтыр Ресей ғарышқа 14 «Протон» ұшыруды жоспарлаған екен, бірақ ресми Астана оның екеуіне рұқсат бермеген. Ал желтоқсан айында «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаев Байқоңыр қаласын толғымен Қазақстан меншігіне қайтару мәселесін көтерген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!