Алматы әуежайы қала сыртына көшірілуі мүмкін

Фотография - Алматы әуежайы қала сыртына көшірілуі мүмкін

Алматы әуежайы қала сыртына көшірілуі мүмкін.

238 0

Алматы әуежайы қала сыртына көшірілуі мүмкін. Бұл жайында Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті. Айтуынша, халықаралық Алматы әуежайы 1935 жылы қала сыртында бой көтеріп, пайдалануға берілген. Кейін шаһар шекарасы кеңіп, әуежай қала аумағына кірді

Енді халықаралық әуежайды Алматы облысындағы Қапшағай қаласына көшірмек ойымыз бар. «Малайзияның «АЛМ групп» компаниясы өңірдегі жерді зерттемек», - деді министр. Халықаралық талаптарға сүйенер болсақ, әуежайлар қала аумағынан алшақ жерде орналасуы керек. Қазіргі әуежайдың тұрған жері – Алатаудың баурайы, алып қаланың ықтасыны. Мұндай жерде тұман сейілмейді.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың 29-ы күні Алматы қаласының әуежайына бес шақырым жетпей SCAT әуе компаниясының «Chellenger-200» ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ қону кезінде ауа-райының қолайсыздығынан апатқа ұшырап, әуе кемесінің бортында болған 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушы қаза болған.


Тегтер:

әуежай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!