Қазақстанда 200 балабақшада эксперименттік түрде өзге тілдер оқытыла бастайды

Фотография - Қазақстанда 200 балабақшада эксперименттік түрде өзге тілдер оқытыла бастайды

Биыл мектеп жасына дейінгі балаларға білім беретін 1293 ұйым құру қолға алынды

250 0

Биыл мектеп жасына дейінгі балаларға білім беретін 1293 ұйым құру қолға алынды.

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты.

Өз сөзінде Е.Сүлейменов Мемлекет басшысы Жолдауында мектеп жасына дейінгі балаларды біліммен және тәрбиемен 100 пайыз қамту міндетін жүктегендігін, ол үшін «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін ұзартылғандығын еске салды.

«2013 жылы 1293 мектепке дейінгі ұйым құруды бастау қолға алынады. Бұл 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды білім берумен, тәрбиемен 74 пайызға қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 200 балабақша мен шағын орталық іріктеп алынды. Олар тілдерді ерте бастан оқытудың эксперименттік алаңына айналады», - деді Е.Сүлейменов.

Оның атап өтуінше, елімізде жүргізіліп отырған білім және ғылым саласындағы салиқалы саясаттардың бірі - көптілді меңгеру. «Қазір орта және мектепке дейінгі білім беру жүйесіне осы саясат енгізілуде. Бүгінде балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәрбие беру жұмыстары қолға алынған», - деді ол.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!