С.Ахметов Н.Назарбаевқа ЭКСПО-2017-ге дайындық барысы туралы баяндады

Фотография - С.Ахметов Н.Назарбаевқа ЭКСПО-2017-ге дайындық барысы туралы баяндады

С.Ахметов Н.Назарбаевқа ЭКСПО-2017-ге дайындық барысы туралы баяндады

268 0

Үкімет басшысы Серік Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бүгін Премьер-Министрді қабылдады.

С.Ахметов халықаралық көрмеге дайындық Үкіметтің жіті бақылауында тұрғандығын атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР Президентіне елдің ағымдағы жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен 2013 жылдың 23 қаңтарында өткен кеңесте Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы, сондай-аө 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жаңа салалық бағдарламасының қабылдануы туралы мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның экономикалық дамуын одан әрі ынталандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Тегтер:

назарбаев

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!