Алматы облысында ҰҚК ғимаратына "оқ атқан адам" ұсталды

Фотография - Алматы облысында ҰҚК ғимаратына "оқ атқан адам" ұсталды

Алматы облысының Алакөл ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аудандық басқармасына оқ атқан адам ұсталды

248 0

Алматы облысының Алакөл ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аудандық басқармасына оқ атқан адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Алакөлдегі ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына белгісіз біреудің оқ атқаны хабарланған еді.

ІІД-ның ақпаратына қарағанда, ұсталған күдікті - 31 жастағы жергілікті тұрғын. Ол  "масаң күйде аңшы мылтықтан екі рет оқ атқанын мойындаған".

Атылған оқтан ғимараттың қабырғасы мен темір есігіне зақым келген. Қазір ұсталған күдікті тергеліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалу жайы қарастырылып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!