Ан-24 ұшағының экипажы жылдамдықты сақтамаған

Фотография - Ан-24 ұшағының экипажы жылдамдықты сақтамаған

Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Әлжаппар Саретбаев мәлімдеді.

272 0

«Скат» әуе компаниясы ұшағының Алматы әуежайына қонар кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетуі экипаждың жылдамдықты сақтамауынан болған. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Әлжаппар Саретбаев мәлімдеді.

«Кеше осы оқиғаның мән-жайын тексеру комиссиясы өз жұмысын қорытындылады. Нәтижесінде ұшақ экипажы қону кезінде тиісті жылдамдықты сақтамағаны және тежегіж жүейсін дер кезінде іске қоспағаны анықталып отыр. Күтпеген жерден қою тұманға тап болу да экипаждың қапталдағы жарықтарды көрмеуіне себеп болған» , - деді Ә.Саретбаев Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз орталығында болған жиында.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні «Астана-Тараз» бағытында ұшып келген АН-24 ұшағы Алматы әуежайына қонар кезде ұшу-қону жолағының сыртына шығып кеткен болатын. Ұшақ бортында 20 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі болған. Әуе кемесі жолаушылары мен экипаж мүшелері арасында  зардап шеккендер жоқ.


Тегтер:

апаты ұшақ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!