Елбасының Бразилия Президентіне жолдаған көңіл айту жеделхаты табысталды

Фотография - Елбасының Бразилия Президентіне жолдаған көңіл айту жеделхаты табысталды

Бразилия қаласында ҚР Елшісі Бақытжан Ордабаев Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыс министрі Антонио де Агиар Патриотамен кездесті. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратып отыр.

272 0

Бразилия қаласында ҚР Елшісі Бақытжан Ордабаев Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыс министрі Антонио де Агиар Патриотамен кездесті. Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратып отыр.

Кездесу барысында Б.Ордабаев Санта-Мария қаласында орын алған алапат өртке орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилия Президенті Дилма Руссеффке жолдаған көңіл айту жеделхатын және ҚР СІМ Ерлан Ыдырысовтың бразилиялық әріптесі А.Патриотаға көңіл айту хатын табыстады.

ҚР Елшісі сұхбаттасушысын Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында белгіленген елдің одан арғы дамуы шараларымен жан-жақты таныстырды.

Кездесу барысында саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселеріне, екі елдің жоғарғы және жоғары деңгейдегі кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды.

А.Патриота Бразилиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ашылуына зор қанағаттанушылық танытып, ынтымақтастықты дамыту, елдер арасында мығым әріптестік байланысты орнату тұрғысындағы қазақ елінің зор әлеуетін атап өтті.

Оның атап өтуінше, Бразилия Үкіметі қазақстан-бразилия екіжақты ынтымақтастықты барынша жоғары деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

Кездесу соңында бразилиялық дипломат Санта-Мария қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан елімізге ризашылық танытты.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!