Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңырда болды

Фотография - Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңырда болды

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласында болды.

176 0

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласында болды.

Аймақтың жаңа басшысы мұнда қаланың бүгінгі жай-күйімен танысты, бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарға аялдады. Қала мэрі Александр Мезенцев оған Байқоңырдың тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қ.Көшербаев Қален Тоқмұхамедов атындағы мектептің жаңа ғимаратының ресми ашылуына қатысты. Әкімшілік басшысы А. Мезенцев пен облыс әкімі Қ. Көшербаев мектепке кіре берісте салтанатты жағдайда лентаны кесіп, кейін білім ордасының акт залында мектеп ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен кездесті.

Бұдан кейін делегация Владимир Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде болды. Онда білім беру жүйесімен және білім беру процесінің ерекшеліктерімен танысты.

Қ.Көшербаев Байқоңырда жұмыс істейтін қазақстандық құрылымдардың басшыларына «Жол картасы» бағдарламасы туралы айтып берді. Бағдарлама аясында Байқоңырда бірқатар нысандарды құру жоспарланған.


Тегтер:

қызылорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!