Соңғы бес жылдың ішінде елімізде 26 емхана салынды

Фотография - Соңғы бес жылдың ішінде елімізде 26 емхана салынды

2012 жылы елімізде 2,7 млн. адам стационарларға жатқызылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде денсаулық сақтау саласының даму мәселелеріне арналған  Үкімет сағатында мәлім болды

268 0

2012 жылы елімізде 2,7 млн. адам стационарларға жатқызылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде денсаулық сақтау саласының даму мәселелеріне арналған  Үкімет сағатында мәлім болды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бағытталған қаржы тиімді пайдаланылуда. 2012 жылы 2,7 млн. адам стационарларға жатқызылды. Яғни, күніне 7,5 мың адамнан келеді. Сондай-ақ, күн сайын орташа алғанда 2 мыңнан астам ота жасалды. Күніне 1 мыңдай әйел босанып, жедел жәрдем қызметі 18 мыңдай шақыртуға қызмет көрсетті», - деді былтырғы жылды қорытындылаған С. Қайырбекова.

Оның айтуынша, елімізде орын алып отырған урбанизация үрдістері медициналық қызмет көрсетілетін қала халқының санын арттыра түскен. Мұндай жағдайда емханалардың саны халыққа қызмет көрсету бойынша жеткілікті деңгейде емес. Соған орай проблеманы шешу үшін заман талаптарына сай келетін жаңа типтік емханалар салына бастаған.

«Тек соңғы 5 жылдың ішінде 26 емхана салынды. Оның ішінде Астанада -  5, Алматыда - 4 жаңа емхана пайдалануға берілді», - деді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!