Иран ядролық бағдарламасына қатысты жиын Алматыда өтеді

Фотография - Иран ядролық бағдарламасына қатысты жиын Алматыда өтеді

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер алдағы аптада Алматыда өтетіндігі айтылды.

147 0

Бүгін Президент әкімшілігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дәстүрлі брифингінде Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер алдағы аптада Алматыда өтетіндігі айтылды.

Оған Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты 5 мүшесі мен Германия өкілдері қатысады деп жоспарланған. Яғни, келіссөздер «алтылық» құрамына кіретін АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Германия мен Иран арасында өрбиді деп күтілуде. Бұл жолы Қазақстан қабылдаушы ел ретінде бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауда өте маңызды сипатқа ие болып отырған аталған іс-шараны өткізуді жауапкершілікке алып отыр.

Әлемдегі 4-ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықта ядролық қару таратпау процессінің халықаралық қауым таныған көшбасшысы ретінде танылатыны баршаңызға мәлім. Қазақстан Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздерге қатысушы ел қатарына жатпайды. Мүдделі тараптар елімізде аталмыш келіссөздерді өткізу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, қабылдаушы тарап ретінде еліміз бұл келіссөздердің табысты өтуіне барынша күш жігерін жұмсайды.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!