19 ақпан күні Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады

Фотография - 19 ақпан күні Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады

кейбір аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді

180 0

19 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, кейбір аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді деп болжауда «Қазгидромет» РМК.

Республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашын, тұман, күшті жел мен көктайғақ болады деп күтілуде. Ал Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін, ал Алматы облысының кейбір аудандарында тіпті, 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

Сондай-ақ, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түссе, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында көктайғақ болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қарлы боран, ал Алматы облысының солтүстік аудандарында аяз күшейе түседі деп болжанып отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!