Шымкентте Назарбаев мектебі ашылды

Фотография - Шымкентте Назарбаев мектебі ашылды

Шымкентте физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

235 0

Шымкентте физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Бұл Назарбаев зияткерлік мектептерінің тізіміндегі тоғызыншы білім ордасы. 720 адамға есептелген мектеп ғимараты 3 қабаттан, 14 блогтан тұрады. Мектепте облыстың шалғай жатқан аудардарынан келетін балалар үшін 120 орындық жатақхана бар. Оқу блогы 58 оқу кабинетімен жабдықталған, оның 18-і тілдер кабинеті, физика және химия пәндері үшін 5 кабинеттен, 9 математика және 4 биология кабинеттері, география, тарих, экология және т.б. пәндер үшін арнайы кабинеттер қарастырылған.

Мектепте сондай-ақ жеке оқу үшін, техникалық үлгілеу, өнер технологиясы, психология, педагогикалық және ақпараттық технологиялар интеграциясына арналған аудиториялар, бірнеше әмбебап кабинеттер мен дәріс залдары бар. Оған қоса білім ордасы ерекше көпфункционалды акт залымен жабдықталған.

Назарбаев мектебінде бас-аяғы 116 оқытушы жұмыс істейтін болады, оқушылардың саны 700 баладан асып жығылады. Бұл мектепке өту үшін оқушылар мен ұстаздар қатаң іріктеуден өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!