Ержан Маямеров - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы

Фотография - Ержан Маямеров - Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы

Елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары  VII  құрылтайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болып Ержан Маямеров сайланды.

194 0

Елордада өтіп жатқан Қазақстан мұсылмандары  VII  құрылтайында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болып Ержан Маямеров сайланды.

Алқалы жиын барысында оның кандидатурасын «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы ұсынып, ол делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Осыдан кейін жаңа Бас мүфти өзінің орынбасарлары лауазымына "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Қ. Жолдыбайұлы мен Қостанай облысы бойынша өкіл имам Серік Оразды ұсынды. Бұл ұсыныс та делегаттар тарапынан қолдау тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Е. Маямеров Семей өңірінің тумасы. Ол Мысырдағы Әл-Азһар университетін тәмәмдаған. Аталған мемлекетте 15 жыл бойы діни білімін шыңдаған ол елімізге оралғаннан кейін Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкіл имамы болып тағайындалған еді.

Ержан МАЯМЕРОВ 1972 жылы 16 желтоқсанда туған. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауданында Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚР Қарулы Күштерінде әскери парызын өтеді. 1993 жылы Египеттегі бүкіләлемдік әл-Азһар университетінің «Заң және шариғат» факультетіне қабылданды. Әл-Азһар университеті әлемдегі байырғы және беделді мұсылман діни-рухани білім ордаларының бірі. Оның 12 жылдық толық курсынан өтіп, университетті 2006 жылы бітірді. 2006-2008 жылдары Египет мүфтилігінде өзінің білімін одан әрі шыңдады.

2011 жылғы 10 қазанда Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің ұсынысымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойына өкіл имамы қызметіне тағайындалды, оған дейін Семей қаласының Мирный кентінде Даланбай ата мешітінде имам болды. Бірнеше тілдерді меңгерген, діни мәселелер жөніндегі БАҚ-та жарияланған көптеген мақалалардың авторы.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!