Қазақстанда жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған

Фотография - Қазақстанда жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған

Қазақстанда жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Олардың 27-сінің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқы жоқ.

362 0

Қазақстанда жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Олардың 27-сінің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқы жоқ.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясында көзделген өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру жаза түрлері» атты дөңгелек үстел отырысы барысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев айтты.

«Біздер қолданып жүрген өлім жазасының балама түріне ойланатын кез келді. Қазақстанда оның балама түрі - өмір бойы бас бостандығынан айыру. Қазіргі таңда жазаның бұл түрімен жүзден астам адам сотталған» деді ол.

Халық қалаулысының атап өтуінше, мұндай жазаға кесілгендерді оңалту, оларға психологиялық баға беру жұмыстарын жүргізу қажет. Олардың кейбірінің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқығы жоқ болуы мүмкін. Дегенмен де олардың барлығы да шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш бере алады. Сондықтан да сотталғандарды бұл іске алдын ала дайындауды бастау керек.

«Бұл проблеманың басқа қыры шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқы жоқ 27 адам болып тұр. Олардың өлім жазасы өмір бойы бас бостандығына айыруға өзгертілген. Бұл мәселе бірнеше мәрте көтерілді. Көптеген сарапшылар да, заңгерлер де Қылмыстық кодекстің қазіргі нормасына түзету енгізу қажеттігімен келіседі. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясына орай бұл норманы қайта қарайтын уақыт жетті», - деді Р.Мұқашев.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!