Қызылорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Фотография - Қызылорда әкімінің орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің ағымдағы жылдың 19 ақпанындағы өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен аймақ әкімінің орынбасары қызметіне Ғалым Махмұтбайұлы Әмреев тағайындалды

238 0

Қызылорда облысы әкімінің ағымдағы жылдың 19 ақпанындағы өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен аймақ әкімінің орынбасары қызметіне Ғалым Махмұтбайұлы Әмреев тағайындалды.

Бұл туралы облыстық интернет-газет хабарлады.

Ғалым Махмұтбайұлы Әмреев 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Мәскеу экономика және статистика институтын, «Заңгер» мамандығы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдады.

Өзінің еңбек жолын 1991 жылы «Фарид ЛТД» АҚ-да брокер болып қызмет етуден бастады. 2001-2011 жылдары экономикалық даму және сауда, индустрия және сауда, сондай-ақ индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінде түрлі жетекші қызметтерді атқарды.

2012 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалмас бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ инновациялық саясат департаментінің директоры болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!