Жапондар Қазақстанға АЭС салып беруге дайын

Фотография - Жапондар Қазақстанға АЭС салып беруге дайын

Жапония Қазақстанда АЭС салуға қол ұшын бермек. Бұл туралы жапондық «The Asahi Shimbun» басылымында жарық көрді

180 0

Жапония Қазақстанда АЭС салуға қол ұшын бермек. Бұл туралы жапондық «The Asahi Shimbun» басылымында жарық көрді. «Japan Atomic Power Co» (Жапония ядролық энергетика корпорациясы) мен «Marubeni Corp» еншілес компаниясы елімізде АЭС салуға келісімін берді» деп жазады жапон басылымы. 

Жапондық компанияның өкілдері мен Қазақстан ұлттық ядролық орталығы келісім-шартқа Токиода қол қойған. Жапония Қазақстанда Атом электр станцияларын салуға дайын екендігін айтып, бұл жобаны 2020 жылдан бастап қолға алатын болып екіжақты келісім жасалды.

Естеріңізде болса, 2011 жылдың наурызында жер сілкінісі салдарынан жапондардың үш бірдей атом реакторының жұмысы тоқтатылды. Әлгі мақалада жапондар өз елінде қиындық туғандықтан, басқа елде салуды жоспарлап отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!