Ерлан Ыдырысов Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті.

Фотография - Ерлан Ыдырысов  Джон Керримен телефон арқылы сөйлесті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Е.Ыдырысов Дж.Керриді ресми түрде жаңа қызметімен құттықтап, оның бұл тағайындалуы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деген сенімін жеткізді.

237 0

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Е.Ыдырысов Дж.Керриді ресми түрде жаңа қызметімен құттықтап, оның бұл тағайындалуы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түседі деген сенімін жеткізді.

Американдық сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру процессіне қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айта келе, Қазақстан бұл елдің әлеуметтік және экономикалық қайта жандануына ықпал жасап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Дж.Керри Иран ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің кезекті раундын Алматы қаласында өткізуге келісім бергені үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Сондай-ақ, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және ғаламдық таратпау тәртібін нығайтуды берік ұстанып келе жатқан Қазақстан осы тәрізді келіссөздерді өткізуге әбден лайық екенін ерекше атап өтті.

Өз тарапынан Е.Ыдырысов алға жоспарланған Иран мен Халықаралық келісушілер «алтылығы» кездесуін қазақстандық тарап асыға күтіп отырғандығын және тараптар біздің өңір мен барлық әлем игілігі үшін конструктивті шешімге келеді деген сенімін білдірді.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі ережелерін айқындап, Елбасының алға қойған ауқымды тапсырмаларын шешу үшін тек қана ішкі күш-жігер емес, сонымен қатар АҚШ секілді ірі халықаралық әріптестеріміздің ықпалдастығы қажет екенін атады. Осы орайда ҚР Сыртқы істер министрі екіжақты стратегиялық әріптестік барлық бағыттар бойынша, соның ішінде жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, энергетикалық және сауда-инвестициялық ынтымақтастық, демократияны дамыту және жаңа қауіптермен күресу бағыттары бойынша да нығайып және тереңдей түсетініне үміт артты.

Сонымен қоса, тараптар ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстанда өтетін Ауғанстан жөніндегі Стамбұл процессі мүше мемлекеттерінің министрлік кездесуіне дайындық мәселелері талқыланды. Е.Ыдырысов Дж.Керриді ресми сапармен Қазақстанға келуге және аталған конференцияға қатысуға шақырды. Ақпарат bnews.kz сайтынан


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!