Әбсаттар қажы қызметінен неге кеткенін түсіндірді

Фотография - Әбсаттар қажы қызметінен неге кеткенін түсіндірді

Ал экс-мүфти атанған Әбсаттар қажы Дербісәлі қызметтен кету жөнінде өтінішті өзі жазыпты.

281 0

Ал экс-мүфти атанған Әбсаттар қажы Дербісәлі қызметтен кету жөнінде өтінішті өзі жазыпты.

13 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына төрағалық еткен хазірет ендігі өмірін тек ғылымға, оқу-ағарту саласына арнамақ.

Көптеген жазбаған еңбектерім жатыр. Уақыт жоқ. Мен бұл қызметте таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жүрдім. Соған жұртты қалыптастырдым. Енді жас емеспіз, сол жазылмай қалған еңбектерді бітірсем деймін.

Әбсаттар қажы еліміздегі екінші мүфти екені белгілі. Оған дейін Діни басқарманың тізгінінде Рәтбек қажы Нысанбайұлы отырған. Түрлі ойын-сауық бағдарламалардың кейіпкеріне айналған ол кейіннен орынтағынан айқай-шумен түскен болатын.

Әбсаттар қажының да атқарған қызметіне сын айтушылар көп. Әсіресе соңғы кезде белең алған лаңкестік әрекеттерге, Ислам атын жамылып, жат ағамның жетегінде кеткен жастарға байланысты. Сондықтан жаңа, жас мүфтиге қойылып отырған міндеттің де жүгі ауыр болмақ.


Тегтер:

бас мүфти

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!