2014 жылы Қазақстанда секундтық тарифке ауысу үрдісі аяқталады

Фотография - 2014 жылы Қазақстанда секундтық тарифке ауысу үрдісі аяқталады

Бұл - секундтық тарифке ауысу үрдісінің соңғы кезеңі.

219 0

2014 жылдың қаңтар айынан бастап халықаралық телефон қоңырауларының тарификация бірліктері 10 секундтан 1 секундқа дейін арзандатылады. Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ведомствода осындай бұйрыққа қол қойылды. Бұл - секундтық тарифке ауысу үрдісінің соңғы кезеңі.

Осылайша, абонент басқа елдердегі абоненттермен іс жүзінде сөйлескен уақыты үшін ғана төлем жасайтын болады. Басқаша сөзбен айтқанда, 7 секунд сөйлескен соң, абонент бұрынғыдай 10 секунд тарифпен емес, нақты 7 секунд үшін төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық телефон байланысының тариф өлшемі 2010 жылы 60 секундтан 30 секундқа дейін төмендетілсе, ал 2011 жылы байланыс және коммуникация министрінің бұйрығымен ұялы байланыс операторларының желілерінде қоңырауларға секундтық тарификация енгізілді. Өткен жылдың шілде айында Қазақстан бойынша қоңыраулардың тарификация бірлігінің өлшемі белгіленген телефон байланысының барлық абоненттері үшін 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендетілсе, халықаралық телефон қоңырауларының тарифі 30 секундтан 10 секундқа дейін төмендетілді.

Әлемнің көптеген елдерінде қазіргі таңда абоненттер үшін минуттық тариф белгіленген, ал кей жағдайларда қосылу үшін және кіріс қоңыраулары үшін ақы алынады. Мұндай тарификация Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан және т.б. елдерде қолданылады.

Бұған дейін «Мостелефонстрой» ААҚ-ның сайтында хабарланғандай, ресейлік ұялы байланыс операторлары минуттық тарификацияға деген құқықтарын сақтап қалды. Федералдық монополияға қарсы қызмет (ФАС) операторларға минуттық тарификацияны қолдануға тыйым салу идеясынан бас тартты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!