Қазақстанда радикалды салафиттік бағытты ұстанған 24 жамағат бар

Фотография - Қазақстанда радикалды салафиттік бағытты ұстанған 24 жамағат бар

 деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

246 0

Лаңкестікке қарсы заңнамаға енгізілген жаңа түзетулердің арқасында мемлекеттік органдардың лаңкестіктің алдын алу жөніндегі іс-қимылдары күшейтілетін болады, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Жаңадан енгізіліп отырған заңнамалық нормаларға сәйкес лаңкестіктің алдын алу бағыттары күшейтілуде. Яғни, лаңкестіктің пайда болуына және таралуына негіз болатын себептер мен жағдайларды анықтау, оларды зерттеу және жою жұмыстары күшейтілуде.

Қоғамда лаңкестіктің қауіп-қатері, ауқымы және оның идеологиялары бойынша бұқарамен ағартушылық жұмыстар жүргізу қажеттілігі артып келеді.

«Лаңкестікке қарсы күрес дегеніміз тек күш-қуат шаралары ғана емес, оның себептерімен және факторларымен де күресу», - дейді ҰҚК төрағасының орынбасары Қабдылкәрім Әбдіқазымов.

Астана, Алматы қалаларында, облыстарда және облыстық маңыздағы қалаларда құрылып жатқан лаңкестікке қарсы комиссиялар деңгейінде ағымдағы жылдың басынан бастап профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл комиссиялардың жұмыстарына қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдар тартылады.

Қазақстандықтарға лаңкестіктің қауіп-қатерлері түсіндіріледі, лаңкестер өз идеялары мен көзқарастарын насихаттайтын әдістер мен тәсілдер әшкереленеді. Бұл бағыттағы жұмыс барысында қоғамда лаңкестікке қарсы сана-сезім қалыптастыру, лаңкестікке қарсы іс-қимылмен айналысатын мемлекеттік органдардың күш-жігерлерін біріктірудің маңызы зор.

ҰҚК мәліметтері бойынша, қазіргі таңда елімізде 495 адам кіретін және радикалдық салафиттік бағытты ұстанған 24 жамағат бар.

Сондықтан да ақпараттық жұмыстармен қатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды да шешу керек, сонда ғана лаңкестікті қолдаушы әлеуметтік база қысқарады. «Біз жүргізетін профилактикалық жұмыс халықаралық лаңкестік және діни-экстремистік ұйымдар насихаттайтын радикальдық идеологияға қарсы салмақ болуы керек», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!