Қазақстан банктеріне қарызданған Михеев депутаттық иммунитетінен айырылды

Фотография - Қазақстан банктеріне қарызданған Михеев депутаттық иммунитетінен айырылды

Қазақстан банктеріне қарызданған Михеев депутаттық иммунитетінен айырылды.

148 0

Қазақстан банктеріне қарызданған Михеев депутаттық иммунитетінен айырылды. Қазақстандық банктерге белшесінен қарызданған Ресейлік депутат Олег Михеев таяуда жауапқа тартылады.

Мемлекеттік дума оны депутаттық иммунитетінен айырды. Бұл қадамды парламенттің 297 мүшесі қолдап, 59-ы жақтамады, тағы 4-і дауыс беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, Олег Михеев "Казкоммерцбанк" пен "БТА Банк"-тің Ресейдегі бөлімшелерінен 33 миллион АҚШ доллары көлемінде несие алған.

Алайда, кейін Дума депутаты ретінде сайланған соң, банктерге берешегін төлеуден жалтарып шыға келген. Сонымен қатар, Михеев Ресейдің бірнеше банкінен де қыруар қаржы алып, қарызын өтемеген.

Депутаттық мансабынан айырылған халық қалаулысы енді заң алдында жауап береді. Алайда, ол өзін кінәлі деп есептемей отырған көрінеді.


Тегтер:

депутат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!