21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фотография - 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жел күшейеді.

157 0

21 ақпан күні Қазақстанның көптеген бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен кейбір жерлерде жауын-шашындар өтеді: республиканың солтүстігінде қар жауып, тұман болады деп күтілуде. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал, ал түнде 25 м/с-қа жетпек. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін..

Қызылорда, Атырау облыстарында, түнде және таңертең Жамбыл облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Ақмола, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарын тұман басуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы күтіледі. Қазақстанның қалған сулы нысандарында гидрологиялық режімде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!