Депутат ескі көліктерді өңдейтін зауыт ашу мәселесін көтерді

Фотография - Депутат ескі көліктерді өңдейтін зауыт ашу мәселесін көтерді

Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Үкімет басшысына ескі көліктерді жаңасына ауыстыру туралы сауал жолдады.

185 0

Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Үкімет басшысына ескі көліктерді жаңасына ауыстыру туралы сауал жолдады.

Т. Өмірзақовтың мәлімдеуінше, елімізде тіркеуде тұрған 3 млн. аса автокөлік бар. Оның басым бөлігі ескірген. Сондықтан халық қалаулысы тозығы жеткен көліктерді өңдейтін зауыт ашу мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ, ол азаматтарға жеңілдетілген пайызбен көлік беру ісін реттеуді алға тартты.

Ескірген көліктердің қоршаған ортаға бірнеше есе залал тигізетінін шетел сарапшылары да растауда. Бірқатар елдерде ескі автокөлікті ұзақ мерзім пайдаланбайды екен. Мәселен, Еуропада шығарылған мерзіміне он жыл болған көліктердің саны 35 пайыз құрайды. Ал қалдыққа кететіні – 6 пайыз. Осыдан-ақ, олардың ескі көліктерді мейлінше аз пайдаланатынын аңғарамыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!