Сарыағашта күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді

Фотография - Сарыағашта күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді

Өзбекстанда болған жер сілкінісінен Сарыағашта күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілді

175 0

Өзбекстанда болған 4,9 магнитудалық жер сілкінісі салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағашта күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі жұмада  Алматы уақытымен 08  сағат  38 минутта  тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай Өзбекстан аумағында 654 шақырымда орналасқан», -делінген хабарламада.

Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағашта күші 2-3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді.

Ошақтың тереңдігі 10 шақырымды құрайды.


Тегтер:

жер сілкінісі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!