Елбасы Жолдауы өткен жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтың басты оқиғасына айналды

Фотография - Елбасы Жолдауы өткен жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтың басты оқиғасына айналды

Елбасының жаңа Жолдауы өткен жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтың басты оқиғасына айналды.

333 0

«Біз бүгін Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы жарияланған Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық жұмыстың негізгі бағыттарын талқылауға жиналып отырмыз.

Елбасының жаңа Жолдауы өткен жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтың басты оқиғасына айналды. Бүгін мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.

«Осыдан он алты жыл бұрын елімізде «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданған болатын. Оның негізгі бағыттары мерзімінен бұрын іске асырылды. Сондықтан Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа саясатын 2050 жылға дейінгі кезеңге белгілеп берді. Бүгінде бұрынғыға қарағанда әлемде не болып жатқанын, ең бастысы тез өзгеріп тұратын тұрақсыз дүниеден не күтетінімізді бағдарлай алатын модельдер қажеттігі туып отыр. Мұндай бағдарсыз, компассыз барар бағытқа бет буу күрделі ғана емес, қауіпті екенін айтқым келеді», - деді М. Тәжин. Мемлекеттік хатшының айтуынша, Қазақстан үшін мұндай компас бар. Ол Елбасы тұжырымдаған Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы. «Алайда мәселе тек болжам жасауда ғана емес, мәселе дамудың мақсаттарын нақты айқындап беретін құжаттың қажеттілігінде. Ғылыми негіздеуден бастап аңызға құралған болашақтың болжамдары жеткілікті, Десек те дамудың мақсаттарын айқындап алу аса маңызды. Мақсаттар жүйесі мен иерархиясы жасалған. Ілгері басудың жалпы динамикасы ұғынықты. Сол себепті бағдарламаның ерекшелігі мен болжамға негізделген өзгешелігі мынада: біз дамудың түпкі мақсаттарын, нақты міндетін отыз жылға дейін алдын ала көріп отырмыз. Бұдан әрі жоспарлау ғылыми тұрғыда негізсіз болар еді. Ел дамуының екі мың елуінші жылға дейінгі   инновациялық мәні бар. Алайда оны ескі тәсілмен түсінуге де, түсіндіруге де келмейді. Оны талдаудың мүлдем басқа көкжиегін анықтаудың және жаңа ақпараттық тетігін дайындаудың қажеттілігі туды», деді Мемлекеттік хатшы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!