Қазақстанда 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар

Фотография - Қазақстанда 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар

Қазақстанның аумағында 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар.

192 0

Қазақстанның аумағында 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар.

Бүгінгі таңда оның барлығын бақылауға алып, қауіпсіздік шараларын қолға алу қажет. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен  БҰҰ-ның Даму бағдарламасының химиялық қалдықтарды қауіпсіз басқару саласындағы бірлескен жобасы осыны көздейді. Бүгін аталған жоба Астанада жан-жақты талқыланды.

Сарапшы мамандардың ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанның аумағында 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар. Оның 6,7 млр. тоннасы - улы заттар. Оған қоса, республика бойынша  жыл сайын өндірістік ошақтардан 90 млн. тоннаға жуық химиялық қалдықтар шығады. Сондықтан оның барлығын қайта өңдеп, тасымалдау мәселесі өзекті болып тұр. «Қазіргі кезде Қазақстанда барлық өндірістік ошақтар толығымен тексеріліп жатқан жоқ. Сол себепті химиялық қалдықтардың нақты есебін шығару қиын. Оның көлемі тым көп. Барлығын есептеу үшін қосымша жұмыс атқару қажет», - дейді БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қоршаған ортаны қорғау және энергетика департаментінің жетекшісі Станислав Ким. Маманның айтуынша, аталған мәселені шешудің арқасында екі маңызды нәтижеге қол жеткізуге болады. Біріншісі, экологиялық қауіпсіздік, ал екіншісі - химиялық залдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарын құрып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бар.

Бүгін отандық және шетелдік мамандар осы іспетті мәселелердің барлығын елордада талқылауда. Оның қорытындысы бойынша Қазақтанның «жасыл» экономикаға көшуге арналған Ұлттық стратегиясына тиісті ұсыныстар жасалады. 


Тегтер:

мусор

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!