Қорғаныс министрлігі әскерге шақырудың жоспарын бекітті

Фотография - Қорғаныс министрлігі әскерге шақырудың жоспарын бекітті

Әскерге шақыру басталғанға дейін арнайы медициналық комиссиялар құрылуда, ал әскери бөлімдерде жауынгерлерді қабылдауға әзірлік жұмыстары жүргізілуде

299 0

Әскерге шақыру басталғанға дейін арнайы медициналық комиссиялар құрылуда, ал әскери бөлімдерде жауынгерлерді қабылдауға әзірлік жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы кешенді жоспарды бекіткен.

«Әскерге шақыру басталғанға дейін Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда уақытша және тұрақты қызмет көрсететін медициналық комиссиялар құрылады. Қазір медицина қызметкерлері өз жұмыстарына қажет медициналық құралдарды, жабдықтарды дайындауда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оған қоса, идеолог-офицерлердің қатысуымен әскерге шақырылушылармен өткізілетін патриотизмді күшейту, экстремистік және іріткі салушы діни бағыттағы ағымдарға қарсы тұру мәселелеріне арналған әңгімелердің тақырыптары әзірленді.

Сондай-ақ жаңадан келетін сарбаздарды казармаларға орналастырудың және тұрғын үй-казармалық қордың дайындығы тексерілуде.

«Әскери бөлімдердің әскерге шақырылушыларды қабылдауға әзірлігін тексеретін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда әскери бөлімдерде казармаларды, асханаларды, кір жуу комбинаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!