Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш ел атанды

Фотография - Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш ел атанды

Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш елдердің бірі

314 0

Қазақстан әлемдегі ең өнертапқыш елдердің бірі. Дәлел ретінде елімізде соңғы 20 жыл ішінде 30 мыңға жуық өнертабыс патенттелгенін айтуға болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалды меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасы Абзал Естаев мәлімдеді. 

«Соңғы 20 жыл ішінде еліміздегі өнертабыстарға 30 мың патент берілді.Алайда инновациялық патент үш жылдан соң күшін жоғалтатындықтан, бүгінде көбінің мерзімі өтіп кетті. Халқымыздың санын ескеретін болсақ, біздің ғылыми потенциалымыз Жапония мен Ресейден кем түспейді. Бүгінде Қазақстан өнертапқыштығы жөнінен алдыңғы қатарлы орындарды иеленіп отыр» деді Естаев интеллектуалды меншікке қатысты заңнамалардың кейбір тұстарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында.

Елімізде жасалған отандық өнертабыстарымыз көбі химия, ауыл шаруашылығы, металлургия сияқты жетекші салаларды қамтиды. Негізінен ғалымдар өзінің зерттеу жұмыстарын бюджет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу институты базасында жүргізеді. Себебі өнертапқыштардың жұмысына жекеленген инвесторлар қызыға қоймайтыны бар.

Естаевтың айтуы бойынша, өнертапқыш бір емес, саныз мәрте өнертабыстарын патенттей алады екен. «Алдыңғы жылы жүзге жуық өнертабысы мен ғылыми зерттеулері, авторлық құжаттары бар 80-дегі өнертапқыш Блиновқа медаль табыстаған едік. Бізде өнертапқыштар көп және жыл санап олардың қатары көбейе береді деп ойлаймын» деп үмітін білдірді комитет төрағасы.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!