Әбсаттар Дербісәлі жаңа мүфтиге өкілеттілігін өткізді (фото)

Фотография - Әбсаттар Дербісәлі жаңа мүфтиге өкілеттілігін өткізді (фото)

Рәсім жұма-намазы кезінде өткізілген.

231 0

Алматының Орталық мешітінде бұрынғы дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі өз өкілеттілігін жаңа мүфти Ержан Маямеровке табыстады. Рәсім жұма-намазы кезінде өткізілген.

Бұл жаңа мүфтидің дінбасы ретінде өткізген алғашқы жұма-намазы. Жиын барысында Ержан Малғажыұлы діни уағыз айтумен бірге жиылған жамағатқа өзіне артылып отырған жүктің қаншалықты маңызды екендігін де жеткізді.

Орталық мешітте өткен жұма-намазға бас мүфтимен бірге оның наиб-имамдары Қайрат Жолдыбай мен Серікбай Ораз, орталық мешіттің бас имамы Нұрбек Есмағамбет және өзге де елге танымал діе өкілдері қатысты.

Діни уағыздар аяқталысымен жаңа басшылық тарапынан Әбсаттар Дербісәліге алғыс айтылды, қазақы дәстүрде иығына шапан жапты. Экс-мүфти болса имамдарға ақ батасын беріп, жамағатты ислам дінін одан әрі өркендетуге шақырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!