Алматыда Ауған мәселесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында бейнеконференция болады

Фотография - Алматыда Ауған мәселесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасында бейнеконференция болады

АҚШ әскерлерінің аймақтан шыққаннан кейінгі тағдыры»  деген тақырыпта бейнеконференция өтеді.

261 0

Алматыда 25 ақпан  күні «Ауғанстан 2014 жылдан кейін АҚШ әскерлерінің аймақтан шыққаннан кейінгі тағдыры»  деген тақырыпта бейнеконференция өтеді.

Оны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  халықаралық қатынастар факультеті,  Орталық Азиядағы Карнеги жобасымен бірлесіп   ұйымдастырып отыр. Бейнеконференцияда Ауғанстанға көрші жатқан мемлекеттердің саясаты: Пәкістан, Үндістан, Иран, Орталық Азиядағы мемлекеттердің Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі орны мен аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен  2014 жылдан кейінгі Ауғанстанның жағдайына байланысты болжам айтылмақ.  Оған АҚШ тарапынан - Ауғанстанның Франциядағы және Канададағы бұрынғы елшісі Омар Самад,  Әлем институтының Ауғанстан бағдарламасы жөніндегі директорының орынбасары Скотт Смит,   Карнеги қорының Оңтүстік Азия бойынша директоры Фредерик Грар мен басқа да сарапшылар қатысады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!