Иран делегациясы Алматыға ядролық келіссөзге келді

Фотография - Иран делегациясы Алматыға ядролық келіссөзге келді

Ақпанның 25-і күні Алматыға Тегераннан делегация келді. Олар Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде алты елмен келіссөздер жүргізеді

157 0

Ақпанның 25-і күні Алматыға Тегераннан делегация келді. Олар Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде алты елмен келіссөздер жүргізеді.

Сейсенбі күні Иран жағы Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ делегациясымен кезеседі. 

Ядролық көліссөздердің соңғысы Мәскеуде өткен еді. Айтарлықтай нәтиже әкелмеген. Иран делегациясының өкілі Саед Джалили "Иранның құқығын шектейтін, оның міндеттерінен тыс талаптардың барлығы қабылданбайтынын" мәлімдеді. Өткен сенбі жарияланған Иран парламентінің ресми мәлімдемесінде "елдің ядролық бағдарламасын тоқтатудың мүмкін емес екені" айтылды. 

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп күдіктенеді. Тегеран оны жоққа шығарып келеді. БҰҰ байытылған уран өндірісін тоқтату туралы талаптарды орындамағаны үшін Иранға қарсы бірнеше санкциялар жариялаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!