Әбсаттар қажы Дербісәлі жаңа қызметке тағайындалды

Фотография - Әбсаттар қажы Дербісәлі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі.

145 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Алматыдағы Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ мәліметтеріне қарағанда, бүгін Институт қызметкерлеріне жаңа басшыны Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов таныстырып, Әбсаттар қажы Дербісәлінің шығыстану саласына қосқан үлесі мен еңбегін атап өтті. «

Ол Бас мүфти лауазымына дейін талай жылдар осы салада қызмет атқарды. Академик, ғылым докторы дәрежесіне дейін көтерілді. Біз Әбсаттар қажы Дербісәлінің шығыстану ғылымын төрге сүйрейтініне сенімдіміз», - деді министр Бақытжан Жұмағұлов.

Экс-мүфти Білім және ғылым министрінің сенімін ақтап, ғылымның өркендеуіне қажыр-қайратын жұмсайтынын жеткізді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!