«Қордай» бекетінде анықталған «жалған транзиттен» мемлекетке жарты миллиардтан астам сомаға залал келтірілді

Фотография - «Қордай» бекетінде анықталған «жалған транзиттен» мемлекетке жарты миллиардтан астам сомаға залал келтірілді

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлім етті.

192 0

«Қордай» кеден бекетінде жүргізілген «жалған транзит» амалдары салдарынан мемлекетке келтірілген болжалды залал 600 млн. теңгені құрауы мүмкін.

Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов мәлім етті.

Бұған дейін хабарланғандай, Кедендік бақылау комитеті Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде Қырғыз Республикасының шекарасында «жалған транзит» қылмыстық сызбасы анықталды.

А.Ержановтың атап өтуінше, халық тұтынатын тауарлар алдымен, автөкөлікпен Түркиядан Әзербайжанға, ол жақтан теңіз көлігімен Маңғыстау облыстық КБД «Теңізпорт» кеден бекетіне жеткізілген. Осы жерде жалған құжаттарды пайдалану арқылы Жамбыл облыстық КБД «Қордай» кеденіне дейін транзиттік декларация рәсімделіп отырған. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамсыз ету шарасы ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болған. Аталған сызба контрабандашыларға «жалған транзит» фактілері анықталған сәтте сақтандыру келісімінде көрсетілген талапты ұсыну мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру компаниясынан кедендік төлемдер мен салықтар сомасын төлеуден жалтаруға мүмкіндік берген.

«Жүргізілген іс-шаралар аясында бұдан бұрын анықталған 19 фактіні қоспағанда Жамбыл облыстық КБД-ның Электронды өткізу пункті мен Кедендік-транзиттік жүйе деректері базасында 163 транзиттік декларация бойынша сәйкессіздік анықталды. Кедендік транзит рәсімі бойынша Қазақстан арқылы Қырғыз Республикасына бара жатқан 114 автокөліктің шекарадан өту фактісі расталмады. Алдын ала есептер бойынша мемлекетке келтірілген болжалды залал сомасы 600 млн. теңгені құрауы мүмкін.  Анықталған фактілер бойынша жедел шаралар жүргізілуде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Транзиттік декларацияларда көрсетілген мәліметтер мен олардың кедендік құнын тексеру үшін Түркия мен Қырғыз Республикаларына халықаралық сұрау салулар жолданды», - деді А.Ержанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!