Қ. Мәми Венада Австрияның жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі

Фотография - Қ. Мәми Венада Австрияның жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі

Ертең Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегация Венаға сапармен барады

232 0

Ертең Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегация Венаға сапармен барады.

«26-28 ақпанда Венада ұлтаралық-мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды дамыту мақсатында БҰҰ-ның Өркениет альянсының V форумы өтеді. Қазақстан атынан осы іс-шараға Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ. Мәми бастаған қазақстандық делегация қатысады.  Соның аясында біздің делегация сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты келіссөздер өткізеді деп көзделуде», - деп мәлім етті бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Оның сөзіне қарағанда, Венаға сапар аясында Қ. Мәми Австрияның жоғары лауазымды өкілдерімен және іскерлік топтарымен кездеседі.

«Мәдениетаралық және дінаралық үнқатысу мәселелеріндегі Қазақстанның белсенділігін ескере отырып, Австрия тарапы Өркениет альянсы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдіріп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!