Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады

Фотография - Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады

26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

161 0

Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында 26 ақпан күні ауа райының тұрақсыз сипаты болжамдалады, кейбір жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі, көктайғақ болуы, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын көтеріліп, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, жел, түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде тұманды болады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!